Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.
Ақиық ақынның көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтықсыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады.
Табиғатында жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек.